17-18 шілдеде Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органымен бірге бас директордың орынбасары, б.ғ.д., «Балық ресурстары» блогының жетекшісі Асылбекова С.Ж. және Атырау филиалының директоры Кадимов Е.Л. Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының басшысы Мулдашев А.Б., кәсіпшілік балық аулауды ұйымдастыру және басқа да су жануарларын реттеу бөлімі бастығы Өмірханова С.Б., акваөсіру және субсидиялау бөлімінің бас маманы Усербаева Р.К. және Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Базарбаев К. 2025 жылға арналған ҒЗЖ орындау бойынша кеңес өткізді. Кеңес ғылыми-техникалық бағдарлама BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» «балық ресурстары» блогы аясында жүргізілді.
Балық ресурстарын және су айдындарының биологиялық әлеуетін пайдалану саласындағы Батыс Қазақстан өңірінің экологиялық-әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер кешенін қалыптастыру туралы мәселелер талқыланды. Осы көрсеткіштер негізінде халықты балық өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейін, биота үшін су ортасының сапасын бағалау, сондай-ақ құрылған деректер базасы мен тақырыптық карталарды пайдалана отырып, даму әлеуетін анықтау жоспарлануда.
