«БШҒӨО» ЖШС «Современное состояние сообществ гидробионтов основных рыбохозяйственных бассейнов Республики Казахстан» атты монографиясын шығаруда

Қазақстанның барлық дерлік балық шаруашылығы су айдындарының ихтиофаунасы қайта құрылымдаудан өтті, нәтижесінде ішкі су айдындарының кәсіпшілік балықтарының негізгі бөлігі 50-90% акклиматизацияланған балықтардан тұрады. Сондықтан балық ресурстарын тұрақты пайдалану мәселелері басым болып табылады, бұл дәстүрлі балық аулау объектілерінің көбею әлеуетін ғана емес, сонымен қатар биологиялық әртүрлілікті барынша сақтауды және инвазивті (бөтен) балық түрлерінің енуі мен таралуын болдырмауды қамтамасыз етеді.

Қазіргі әлемде табиғи ресурстар мен биологиялық әртүрлілікті сақтау үлкен маңызға ие. Биологиялық әртүрлілікті талдау қандай түрлерге қауіп төніп тұрғанын және қорғауды қажет ететінін түсінуге көмектеседі. Бұл экожүйелерді сақтау және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Су экожүйелерінің биологиялық әртүрлілігінің құрылымы мен динамикасын кешенді талдау биоресурстарды басқарудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл пайдалануды оңтайландыру, пайдаланылатын қауымдастықтардың өнімділігін арттыру және оларды қорғау мен сақтау тәсілдерін көрсетеді.

Осы мәселелерді зерттеуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысы бойынша орындалған «Биологиялық әртүрлілікті талдау, бөтен текті түрлерді молекулярлық-генетикалық сәйкестендіру және балық шаруашылығы су қоймаларының гидробиоценоздарының сыртқы әсерлерге тұрақтылығын бағалау» жобасы арналған. Жоба «Су биологиялық русурстарын сақтау және орнықты пайдалану үшін су айдындарының әлеуетін бағалау және қордың динамикасын модельдеу негізінде кешенді зерттеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында жүзеге асырылды (Грант № BR23591095). Осы жобаны жүзеге асыру барысында » Современное состояние сообществ гидробионтов основных рыбохозяйственных бассейнов Республики Казахстан » ұжымдық монографиясы шығарылады.

Ұжымдық монографияда Қазақстанның негізгі балық шаруашылығы бассейндері — Жайық-Каспий, Арал-Сырдария, Ертіс және Балқаш-Алакөл бассейндерінің жай-күйі мен тұрақтылығын зерттеу нәтижелері ұсынылған. Жұмыс ғалымдарға, балық шаруашылығы мамандарына және биологиялық, экологиялық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша студенттерге арналған. Монография 2025 жылғы қыркүйекте шығарылады деп жоспарланған.