«БШҒӨО» ЖШС-нің қызметкерлері мен серіктестерін құттықтау және марапаттау

Жыл сайын шілденің екінші жексенбісінде атап өтілетін Балық шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰАҒА академигі Исбеков Қуаныш Байболатұлы институт ұжымын келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтады.

Құттықтау барысында — Бас кеңсенің және филиалдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтарға – ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы және балық аулау кәсіпорындарының өкілдеріне алғыс хаттар табысталды.

Қазақстан Республикасында Балық шаруашылығы қызметкерлері күні 2017 жылы ресми кәсіби мереке ретінде бекітілген.

Бұл күн – балықшы мамандығының маңыздылығын, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және су биоресурстарын сақтауға қосқан үлесін мойындаудың белгісі болып табылады.