30 Наурыз бен 06 Сәуір аралығында «БШҒӨО» ЖШС Балқаш филиалының қызметкерлері Келісім бойынша (256 бағдарламасы, 102 кіші бағдарламасы) Іле өзенінде (Тасмұрын ауданы) зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Экспедициялық жұмысының мазмұны:
Зерттеу объектілері – кәсіптік балық популяциясы және гидробиоценоздар. Іле өзенінде балық және басқа да су жануарларын аулау шегінің биологиялық негіздемесін әзірлеу үшін материал жинақталуда. Балық қорларының саны, олардың биологиялық сипаттамалары туралы алынған ғылыми көрсеткіштер балық аулау шегін есептеу және қорларды мұқият басқару және тұрақты балық аулауды және балық аулау күштерін акватория бойынша оңтайлы бөлуді қамтамасыз ету стратегиясын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Зерттеу жұмысы кезеңінде ақмарқаның уылдырық шашу барысы атап өтілді, аулау нәтижесі бойынша ауланған ақмарқаның 100 үлгісінің 42%-ы уылдырық шашуды аяқтаған, 52%-ы IV кезеңде, 6%-ы кәмелетке толмағандар. Ақмарқаңы ұстау жұмыстары қалқымалы нейлон (капрон) торларымен жүргізіледі.