Кеңес мақсатты қаржыландыру бағдарламалары (НҚБ) бойынша 2022 жылға арналған жылдық жұмыс бағдарламаларын қарады:
— Ғылыми-Техникалық Бағдарлама (ҒТБ) «Инновациялық технологиялар мен жаңа балық өсіру объектілерін әзірлеу және кіргізу арқылы Қазақстанда акваөсіру шаруашылығын кешенді дамытуды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету»;
— «Қазақстанның негізгі балық аулау су объектілерінің балық ресурстары мен басқа да гидробионттарының жағдайын кешенді бағалау және оларды тұрақты пайдалану бойынша дәлелді ұсыныстарды әзірлеу».
Және, Ғылыми кеңесте ихтиология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Куликов Е.В. Қапшағай су қоймасы мен Алакөл көлдер жүйесі мысалында болжамдық зерттеулердің сапасын арттырудың жүйелі шаралары, MSY критерийін сынау үшін МРД (максималды рұқсат етілген деңгей) есептеу схемасын жаңғырту және қорлардың жай-күйін модельдеу» тақырыбында семинар өткізілді.