2021-2023 жылдарға арналған мақсатты қаржыландыру бағдарламасының (МҚБ) «Қазақстанның негізгі балық кәсіпшілігі су айдындарының балық ресурстары мен басқа да гидробионттарының жай-күйін кешенді бағалау және оларды орнықты пайдалану жөнінде ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу» тапсырмасын орындау мақсатында «БШҒӨО» ЖШС мамандары Жайық өзенінің гидролдық-гидрохимиялық режимін және жемшөп базасын (зоопланктон және макрозообентос) бағалау бойынша зерттеулер жүргізді.
2021 жыл суы аз жыл ретінде сипатталады, бұл бекіре балықтарының уылдырық шашу кезеңінде Жайық өзені гидробионттарының жай-күйіне теріс әсер етті. Бекіре тұқымдас балықтардың табиғи көбеюі төмен көрсеткіште, дегенімен аз мөлшерде жас шоқыр мен сүйрік тұқымдастары тіркеледі. Жайық өзенінің табиғи ортасынан бекіре балық өсіру зауыттарында («ОАББӨЗ» және «АББӨЗ»РМҚК) ремонттық аналық үйірлер табындарды қалыптастыру үшін табиғи ортадан іріктелген бекіре балықтарының генетикалық әртүрлілігін бағалау бойынша жұмыстар жалғасуда.
Жақсы жаңалықтардың бірі бекіре мен орыс бекіресінің қысқы формаларын ұстау. Осы жұмыстың нәтижелері өндірушілердің генетикалық құрылымын және олардың генетикалық төлқұжатын ескере отырып, ҚР бекіре балық өсіру зауыттарында бекіре балықтарының ремонтық аналық үйір бекіре шаруашылықтарында акваөсіндіру қалыптастыру жолымен бекіре балықтарының биологиялық алуан түрлілігін сақтау жөніндегі кешенді ұсынымдарды әзірлеу үшін негіз болады.