Мегагрант аясындағы кездесу

Бүгін ғылыми-техникалық бағдарлама жобасы: BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» блок: «балық ресурстары» аясында, жұмыс бойынша Ақтөбе облысы бойынша Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының РММ-мен балық ресурстарын ұтымды пайдалану және Батыс Қазақстан өңірінің орнықты дамуы бойынша ғылыми негізделген іс-шараларды талқылау мақсатында кездесу өтті.

Кездесуге инспекция басшысының орынбасары Тоғаев Б.Б., инспекция бөлімінің бастығы Н.Құлыбекұлы, бас мамандар Б.Сарбас, А.Утеньязов, В.Гончарюк, А.Султанов және «БШҒӨО» ЖШС-нен б.ғ.д., бас директордың орынбасары, «Балық ресурстары» бөлімінің жетекшісі Асылбекова С.Ж. және Батыс Қазақстан филиалының директоры, PhD Туменов А.Н. қатысты.

Сол күні Ақтөбе облысында кларии жайыны мен бахтах өсіретін ірі зауыттардың бірі – «Мурагер 22» ЖШС-нің жұмысымен таныстық. Зауытта инкубациялық цех, аналық және шабақ бассейндер, биологиялық су тазартуға арналған арнайы су дайындау қондырғысы бар. Зауыттың жобалық қуаты – жылына 2700 тонна балық өсіру. Кездесуде акваөсіру саласындағы бірлескен қызмет мәселелері талқыланды және «Мурагер 22» ЖШС базасында әртүрлі бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізілді.