Қазақстандағы OPIM модальділігі бойынша ФАО тренингі

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Қазақстан Республикасындағы байланыс және әріптестік жөніндегі бюросы серіктес ұйымдар үшін 2025 жылғы 23-24 маусымда Алматы қаласында өтетін бағдарлық тренинг ұйымдастырды.

Іс-шара ФАО-ның жобаларды әріптес ұйымдардың күшімен жүзеге асыру тетігі (Operational Partners Implementation Modality — OPIM) аясында жобаларды іске асыруға дайындық шеңберінде ұйымдастырылған. Бұл механизм серіктес ұйымдарға өз жүйелері мен рәсімдерін пайдалана отырып, ФАО атынан жобалық іс-шараларды іске асыру мүмкіндігін береді, ал ФАО тарапынан техникалық сүйемелдеу және үйлестіру қамтамасыз етіледі.

OPIM тетігі ұлттық және өңірлік әріптестердің институционалдық әлеуетін арттыруға және жобалардың нәтижелерінің орнықтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Тренингке:

  • қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы / бас бухгалтері — Улдаханова А.К.,
  • бас экономист — Баяндина А.М.
  • «БШ ҒӨО» ақпараттық-инновациялық бөлімінің басшысы, PhD — Болатбекова З.Т. қатысуда.

Тренингтің мақсаты – әлеуетті және қазіргі серіктестерге ФАО-ның мандаты мен құрылымы, сондай-ақ OPIM тетігі арқылы жобаларды іске асырудың негізгі рәсімдері туралы шолу ұсыну.