Акваөсірудегі инновациялар: жаңа патенттер

2024–2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бағдарламалары аясында келесі бағдарламалар бойынша:

  • BR23591095 – «Су биологиялық ресурстарын олардың әлеуетін бағалау және қорлар динамикасын модельдеу негізінде сақтау үшін су айдындарын кешенді зерттеу»
  • BR23531065 – «Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің табиғи-климаттық жағдайларында экономикалық тиімді акваөсіру технологиялары мен нысандарын әзірлеу және енгізу»

Келесі пайдалы модельдерге патенттер алынды:

№10565 Паразитологиялық зерттеулер кезінде тірі балықтарды уақытша ұстауға арналған құрылғы. Пайдалы модель балық шаруашылығы саласына жатады және оны су айдындарындағы балықтарды паразитологиялық зерттеу кезінде қолдануға болады.

№10566 Су айдынындағы бөгде балықтардың түрлік құрамын анықтау тәсілі. Пайдалы модель балық шаруашылығы саласына жатады және оны табиғи су қоймаларындағы бөтен балықтардың түрлік құрамын зерттеуде қолдануға болады.

№10596 Бекіре тұқымдас балықтардың түрлерін анықтау әдісі. Пайдалы модель балық өсіру саласына жатады және оны бекіре тұқымдас балықтардың пайдаланушы аналық үйірін қалыптастыру кезінде қолдануға болады.

№10643 Балық өсіретін шаруашылықтарда оңғақ өсіру әдісі. Пайдалы модель балық өсіру саласына жатады және оны оңғақ өсіруге арналған балық өсіру шаруашылықтарында қолдануға болады.

Зерттеулерді Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыландырады.