Батыс Қазақстан су айдындарында ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілді

2025 жылдың 20 мен 28 мамыр аралығында «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Батыс Қазақстан филиалының қызметкерлері BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» атты ғылыми-техникалық бағдарлама аясында жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарына — Көшім өзені, Киров, Дөнгелек және Пятимар су қоймаларына ғылыми-зерттеу  жұмыстарын жүргізу үшін іссапарға шықты.

Іссапар барысында гидрохимиялық талдау үшін су сынамалары алынды, балықтарға ғылыми-зерттеу аулау жұмысы жүргізілді, сондай-ақ балықтардың қоректік базасы (зоо- және фитопланктон, зообентос) жиналды.