Каспий теңізінің биоресурстарын зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу экспедициясы

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 2025 жылдың 23 мамырынан 13 маусымына дейін «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас бөлімінің (экспедициялық отряд басшысы, PhD, Абилов Б.И., Минат А.) және Атырау филиалының (Утеулиев Т.А., Сулейменов С.Б. және Батырбек Н.М.) қызметкерлері Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруда.

Зерттеулер 10 станцияда жүргізілуде:

  1. Қазақ шығанағы
  2. Әл-Фараби
  3. Ақтау
  4. Тюленьи аралдары
  5. Қаражанбас
  6. СКМК Прорва
  7. СКМК
  8.  МСК Қашаған
  9. МСК Қашаған 2
  10. Шалыги аралы

Жұмыс барысында токсикологиялық, гидробиологиялық және гидрохимиялық сынамалар, сонымен қатар балықтардың және басқа да гидробионттардың үлгілері алынуда.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары 2023-2025 жылға арналған BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» атты ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. (балық ресурстары бөлігі бойынша).

2025 жылға арналған зерттеу міндеттері:

  1. Батыс Қазақстан өңірі суқоймаларының биоресурстық әлеуетінің қазіргі жағдайын болжамдық бағалау және ақпараттық-бағалау карталары сериясын жасау.
  2. Балық ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша ғылыми негізделген шараларды әзірлеу және Батыс Қазақстан өңірінде балық және балық өнімдері бойынша азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін болжамды-ұсыныс карталары сериясын жасау.
  3. Климаттың өзгеруі және шаруашылық қызмет жағдайында балық шаруашылығын дамытудың негізгі (базалық) және балама нұсқалары бойынша өңірлердің тұрақты даму жолдарын анықтау, экожүйе қызметтерінің құнын бағалау, сондай-ақ биоресурстарды пайдалану мен қалпына келтіруді оңтайландыру саласында жоспарланған шараларды жүзеге асырудың шығындары мен тиімділігін қаржылық бағалау.