Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау және ұтымды пайдалану бойынша Семинар

2025 жылдың 20-21 мамырында Астана қаласында «Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау және ұтымды пайдаланудың стратегиялық көзқарасы: алғашқы нәтижелер, болашақ жоспарлар және қаржыландыру механизмдері» атты семинар өтуде.

Іс-шараның мақсаттары:

  • Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау Концепциясының жобасын және оған қосымша іс-шаралар жоспарын дайындаудың алғашқы нәтижелерін таныстыру, Концепция жобасының Биоалуантүрлілік туралы Жаһандық негіздемелік бағдарлама талаптарына сәйкестігін сараптау; Қазақстан Республикасының биологиялық әралуантүрлілік туралы 7-ші Ұлттық баяндамасы дайындалуы жайлы ұлттық әріптестерді хабардар ету;
  • Қазақстанның қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі, ОЕСМ және биоалуантүрлілікті қорғау саласында тұрақты қаржыландыру механизмдерін енгізу бойынша мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, ғылыми қоғамдастық, жеке сектор және азаматтық қоғам өкілдері арасындағы ашық диалог платформасын құру.

Семинарға қатысушылар: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Қалмұратов М.Қ., «БШҒӨО» ЖШС бас директоры, б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Исбеков К.Б.,  «БШҒӨО» ЖШС Арал филиалының директоры, PhD Барақбаев Т.Т.