
«Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС ағымдағы жылы балық ресурстары бөлігінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық жүйелерін дамытудың негізгі факторы ретінде Табиғи-ресурстық әлеуетті бағалау бойынша ғылыми зерттеулерді жалғастыруда (Атырау және Маңғыстау облыстарының).
«Балық шаруашылығы ҒЗО» ЖШС Атырау филиалының қызметкерлері Атырау облысының су қоймаларында мониторингтік зерттеулерді орындау кезеңіне кірісті.
Кигаш өзені бойындағы бақылау станцияларында 2025 жылғы 21–30 сәуір аралығында Атырау филиалының директоры Кадимов Е.Л., аға ғылыми қызметкер Өтеулиев Т.А., ғылыми қызметкер Кадимов Б.Л. және кіші ғылыми қызметкер Сүлейменов С.Б. құрамындағы экспедициялық топ гидрохимиялық, гидробиологиялық, ихтиологиялық үлгілерді зертханалық талдаулар үшін іріктеуді жүзеге асыруда, сондай-ақ зерттеу жүргізіліп жатқан ауданның метеорологиялық жағдайлары тіркелуде.
Сондай-ақ ихтиологиялық зерттеулер шеңберінде мониторингтік станцияларда ғылыми-зерттеу аулау жүзеге асырылады.