
2025 жылғы 22 сәуірнен бастап гидробиология зертханасында «Каспий теңізі зообентосының омыртқасыздар қауымдастығын түрлік сәйкестендіру» және «Гидробиологиялық сынамаларды өңдеу әдістемесі және Сынақ орталығының белгісі бар хаттамаларды ресімдеу» тақырыптарында БШ ҒӨО гидробиологтарына арналған семинар өткізілуде.
Семинар жұмысына БШ ҒӨО барлық филиалдардың гидробиологтары қатысуда. Семинардың мақсаты гидробиологиялық зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру.
Семинарды гидробиология зертханасының меңгерушісі, PhD доктор, Ж. О. Мажибаева жүргізуде.
Таксономиялық анықтау жұмыстары кезінде бентологтар организмдерді дәлірек анықтау үшін кескінді едәуір егжей-тегжейлі көрсетуге мүмкіндік беретін камера-мониторы бар EX30 микроскопын қолдануда.
Мұндай семинарларды жүйелі түрде өткізу тәжірибелі қызметкерлердің практикалық дағдыларын ескере отырып, гидробиологиялық зерттеу әдістерін біріздендіруге көмектеседі, бұл, жалпы алғанда, БШ ҒӨО гидробиологтарының жұмысын жоғары деңгейге шығарады.