
Аквакультура зертханасының бас бөлімшесінің қызметкерлері «Қазақстанның әртүрлі аймақтарының табиғи-климаттық жағдайларында экономикалық тиімді бағалы балық түрлерін өсірудің инновациялық технологиялары мен жаңа аквакультура объектілерін әзірлеу және енгізу» ҒТБ бағдарламасы бойынша «Бағалы балық түрлерін өсірудің аралас технологияларын әзірлеу және енгізу» жобасы шеңберіндегі ҒЗЖ жұмыстарын жалғастыруда.
Алматы облысындағы «Ақ Балық» ЖК балық өсіру шаруашылығында бассейн және қақпа әдістерімен өсірілетін форель материалына бақылау өлшеулері мен өлшемдер жүргізу, орташа салмақты, тәуліктік орташа өсімді анықтау және тәуліктік азықтандыру рационын есептеу жүргізілуде.