
31 наурыздан бастап қазіргі уақытта «БШ ҒӨО» ЖШС-і, ихтиология зертханасының мамандарымен (экспедициялық отряд жетекшісі – Макамбетов С.Ж., экспедициялық отряд жетекшісінің м.а. – Баққожа Ж.М., ғылыми қызметкер — Игілік Р., аға зертханашы — Жазықбаев Н.М. және зертханашы – Сахарин Н.К.) «Көлсай Көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (МҰТП) Ерекше қорғалатын табиғи аумағында (ЕҚТА) орналасқан Ортаңғы және Төменгі Көлсай көлдерінде 021 бағдарлама (бағд.тарм. 100) бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыстың мақсаты – Көлсай көлдеріндегі бахтах балығының ұдайы өсімін зерттеу. Қазіргі таңда экспедициялық отряд биологиялық талдау жүргізу үшін (ұзындық-салмақтық көрсеткіштері, балықтардың жынысын және жынысқа жетілу кезеңін, жасы мен тұқымдылығын анықтау) ихтиологиялық материалдарды жинау үстінде.
Ортаңғы және Төменгі Көлсай көлдері Алматы облысының Кеген ауданында орналасқан. Көлсай көлдеріне кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығымен 2017 жылдан бастап жүргізіп келеді.