Ташкент қаласында артемияларды өсіру бойынша семинар өтуде

Бүгін, 17.02.2025ж., Ташкент қаласында артемияларды өсіру және Өзбекстан мен Қазақстанда осы сектордың болашақ дамуын талқылау бойынша семинар өтуде.

Семинардың ұйымдастырушысы Герман қоғамының Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі (GIZ) «Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» өңірлік жобасы болып табылады.

Жоба аясында 2021 жылдан бастап Гент университетінің профессоры Патрик Соргелус (Бельгия) пен Өзбекстан мен Қазақстанның ұлттық ұйымдарымен серіктестікте Арал теңізі аймағында тоғанда артемияларды тұрақты өсіру бойынша зерттеулер жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы атынан қатысушылар:

Нуртай Г. — ҚР АШМ Балық Шаруашылығы Комитеті акваөсіруді дамыту басқармасының бас сарапшысы.

Исбеков К.Б. – «БШҒӨО» ЖШС Бас директоры, б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі.

Сосорбармаев Ч.А. — «Артемия кисталарын өндіруін зерттеу және қайта өңдеу жөніндегі қазақстандық қауымдастық» ЗТБ төрағасы.

Егежанов К. — «Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» GIZ өңірлік жобасының ұлттық сарапшысы.