Су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссияның 8-ші отырысы

         2024 жылы 17-19 желтоқсан аралығында РФ МҒО «БШОҒЗИ» ФМБҒМ (Астрахань қ.) Еділ-Каспий филиалында су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссияның 8-ші отырысы өтуде.

Қазақстан Республикасынан делегация құрамында:

  1. БахияновА.Қ., ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төраға м. а.;
  2. Исбеков Қ.Б., «Балық шаруашылығы ғылымиөндірістік орталығы« ЖШС бас директоры, б.ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА академигі;
  3. КадимовЕ.Л., «Балық шаруашылығының ғылымиөндірістік орталығы« ЖШС Атырау филиалының директоры.
  4. Климов Ф.В., ҚАПЭ ЖШС атқарушы директоры, биология ғылымдарының кандидаты.

                     Күн тәртібінде:

  • Комиссияның 7-ші отырысы хаттамасының тармақтарын іске асыруды талқылау;
  • Балық аулау квотасын пайдалану туралы талаптардың, балық ресурстарын молықтыру және қорғау туралы 2023 жылғы есептерді және теңіздегі ғылыми зерттеулер негізінде су биологиялық ресурстарының жай-күйін талқылау;
  • Ғылымжәне акваөсіру жөніндегі жұмыс тобы отырысының хаттамасын талқылау;
  • Каспийтеңізінде бекіре тұқымдас балық түрлерін коммерциялық аулауға тыйым салуды ұзарту туралы мәселені қарау;
  • 2025жылға арналған бірлескен су биологиялық ресурстарын аулау квоталарын (көлемдерін) бекіту;
  • Каспий теңізіндегі бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы мәселені талқылау;
  • Жасанды өсімін молайтудан бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын бірлесіп шығару туралы мәселені талқылау;
  • Каспийтеңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімге өзгерістер енгізу мүмкіндігі туралы мәселені талқылау.

Отырыс аяқталғаннан кейін Комиссияның хаттамасы жасалады және қол қойылады