2024 жылы 2 желтоқсанда «БШҒӨО» ЖШС аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері Умиртаева А., Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы А.Б. Магзумов және «Qazaq balyk» қауымдастығының өкілі М. Тұрсынәлімен бірлесіп, Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына сәйкес «Great Steppe Heritage» ЖШС-нің сатып алынған жабдықтарын тор қоршамда балық өсіру шаруашылығын құру және (немесе) кеңейту жобасының паспорты бойынша қарады.
Сонымен бірге, балық өсіру шаруашылығының жұмысымен танысты.
Анықтама: «Great Steppe Heritage» ЖШС-нің тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы Алматы облысы Кеген ауданы Бестөбе су қоймасының базасында орналасқан. Шаруашылық 2023 жылы іске қосылған. Жобалық қуаттылығы жылына 500 тонна тауарлы бахтах балығын өсіру.