Бүгін, 28.03.2024ж., «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас кеңсесінде (Алматы қ) 021 бағдарлама, 100 қосалқы бағдарлама «Жануарлар ресурстарын сақтауды, өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету кіші бағдарламасы, «Халықаралық, республикалық және ЕҚТА орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын сонымен қатар жергілікті маңызы бар су айдындарының балық қорының жағдайын бағалау және/немесе олардың телімдерінде балық өнімділігін анықтау, балық пен басқа да су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде биологиялық негіздемелер әзірлеу» лоты бойынша биологиялық негіздемелерін қарауға және бекітуге арналған Ғылыми кеңестің отырысы өтуде.
Бұл жұмыс Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің тапсырысы бойынша жүргізілді.
Ғылыми кеңестің жұмысына келесі тұлғалар жеке қатысуда:
Онлайн қатысушылар келесілер:
— Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің балық ресурстарын қорғау және балық шаруашылығын реттеу бөлімінің бас сарапшысы И.С.Махметов, барлық облысаралық бассейндік инспекциялардың өкілдері және «БШҒӨО» ЖШС филиалдарының ғылыми қызметкерлері.
Ғылыми кеңес жұмысының қорытындысы бойынша қаралған биологиялық негіздемелер Тапсырыс берушіге Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су айдындары бойынша 2025 жылдың 1 шілдесінен 2026 жылдың1 шілдесіне дейінгі кезеңге балық аулауға шектеу бекітуге жіберіледі.