20 – 26 қазан аралығында «Балық шаруашылығы мен аквакультурадағы инновациялар тұрақты аквақорек жүйелерінің негізг іқұрамдас бөлігі ретінде» «Innovations in Fisheries and Aquaculture as a Key Component of Sustainable Aquafood Systems» тақырыбында семинар өтті
20 – 26 қазан аралығында «Балық шаруашылығы мен аквакультурадағы инновациялар тұрақты аквақорек жүйелерінің негізг іқұрамдас бөлігі ретінде» «Innovations in Fisheries and Aquaculture as a Key Component of Sustainable Aquafood Systems» тақырыбында семинар өтті(ОңтүстікЧехияуниверситеті, Балық шаруашылығы және судықорғауфакультеті, Водняны қ.,ЧехияРеспубликасы).
Семинарға«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Гидробиология зертханасының аға ғылыми қызметкері, философия докторы(PhD)М.О. Аубакирова қатысты.
Семинарда келесі сұрақтар қаралды:
- Аквакультурадағы балық аурулары және диагностиканың,алдын алудың және емдеудің заманауи әдістері;
- Қалдықсыз аквакультура:аквапоника,мультитрофты жүйелер,қалдықтарды жою;
- Аквакультурадағы индукцияланған стерильділік – әдістер,мәселелер және перспективалар;
- Ішкі суқоймалардың аквакультурасын әртараптандыру:In-PondRaceway технологиясын және«селективті өсіру» бағдарламасын пайдалана отырып, балық өнімділігін арттыру;
- Перспективті аквакультура объектілері үшін инновациялық қоректер және олардың балық өнімділігіне әсері;
- Балықтың жыныстық өнімдерін криоконсервациялау әдістері және insitu генетикалық әртүрлілігін сақтау.
Сондай-ақ, семинар барысында балық өсіру шаруашылықтарында жасанды ұрықтандыру және әртүрлі балық түрлерінің уылдырығын инкубациялау бойынша практикалық сабақтар өткізілді.