Түпкілікті аулау және бағалау жұмыстарын жүргізу

 «Балық шаруашылығы ғылми-өндірістік орталығы» ЖШС-гі                           2024-2026 жж арналған «Қазақстанның әртүрлі аймақтарының табиғи-климаттық жағдайларында экономикалық тиімді жаңа аквакультура объектілері мен инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу» (ЖТН:BR23591065) ғылыми-техникалық бағдарлама шеңберінде аквакультураның жаңа нысандарымен Розенберг тұщы су асшаяндары мен оңғақ балығымен зерттеу жұмыстарын жасауда.

«Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы-1973» ЖШС базалық балық өсіру шаруашылығында «Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында перспективалы акваөсіру объектілерін, ДНҚ-маркерлерді қолдану арқылы оларды генетикалық сәйкестендіре отырып, өсірудің тиімді биотехникалық тәсілдерін апробациялау және енгізу» жобасы бойынша зерттеулер аяқталды.

2024 жылғы 17 қазанда «БШҒӨО» ЖШС акваөсіру зертханасының қызметкерлері, зертхана меңгерушісі Абилов Б.И., а.ғ.қ. Бадрызлова Н.С., ғылыми қызметкерлері Булавин Е.Ф., Халелов А.Т., Бараков Р.Т. балық өсіру шаруашылығындағы тәжірибелік тоғанынан, науалардан және кіші ТСАЖ бассейндерінің соңғы аулау жұмыстары жүргізді және зерттеу объектілеріне (оңғақ және тұщы су Розенберг асшаяндары) талдау жасады.