Алматы облысындағы жергілікті маңызы бар су айдындарын паспорттау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде

«Балық шаруашылығ ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС қызметкерлері (экспедициялық жасақ басшысы — Минат А., экспедициялық жасақ басшысы — Қарлыбайұлы С., экспедициялық жасақ басшысы — Макамбетов С. Ж., кіші ғылыми қызметкер Өтеген С.А. және лаборант-жүргізуші Сахарин. Н. K.) 12 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысындағы жергілікті маңызы бар суайдындарын төлқұжаттау мақсатымен ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Жұмыстар Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен жасалған шарт шеңберінде орындалуда.

Су қоймаларында келесі жұмыс түрлері жүргізіледі:

— гидрохимиялық сынамалар іріктеу және өңдеу жүргізілуде (су);
— гидробиологиялық сынамаларды іріктеу және өңдеу (зоопланктон және зообентос);
— Алматы облысындағы жергілікті маңызы бар суайдындарынан шабақтық сүзгі аумен балық шабақтарының ұдайы өсуінің сынамасы алынуда;
— балықтардың кәсіптік қорларын бағалау үшін құрма ау құрылуда.

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша зерттелген су қоймаларының төлқұжаттары рәсімделеді.