Бүгін, 16.10.2024 ж «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында» жергілікті этикалық комиссия мүшелері аралас форматта (онлайн және офлайн) 2025-2027 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі) жоспарланған «Тұщы су Розенберг асшаяндарын өсіру үшін дәстүрлі емес шикізатты пайдалана отырып, тауарлық жемнің рецептерін әзірлеу және өндіру технологиясын енгізу» жобасын қарады.
Комиссия мүшелері:
Этикалық комиссия төрайымы – бас директордың орынбасары, биология ғылымдарының докторы, профессор Асылбекова С.Ж., ҚазВҒЗИ бас директорының орынбасары, биология ғылымдарының докторы, профессор Әбдібекова А.М., Микробиология және вирусология зертханасының меңгеруші., биология ғылымдарының докторы, профессор Қыдырманов А.И., бас ғылыми хатшы, PhD Мухрамова А.А., аквакультура зертхана меңгерушісі PhD Абилов Б.И., ихтиология зертханасының меңгерушісі Сансызбаев Е.Т., гидробионттар генетикасы зертханасының меңгерушісі Адырбекова Қ.Б., гидроаналитика зертханасының меңгерушісі PhD Долгополова С.Ю.
Презентацияны жоба жетекшісі, PhD докторы, аквакультура зертханаларының ғылыми қызметкері Маратова Г.М баяндады.
Этикалық комиссияның шешімі бойынша: зерттеу жүргізу барысы этикалық нормаларға сәйкес келеді, ғылыми жұмыстар қоршаған ортаға және зерттеу объектісіне зиян келтірмей орындалады; Ұсынылған жоба этикалық комиссияда мақұлданды.