Бүгін, 07.10.2024, Бас бөлімшеде (Алматы қ.) 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар аясындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептерді қарау жөніндегі Ғылыми/Үйлестіру кеңесі өтуде. Кеңес оффлайн және онлайн форматтарда өтуде.
Кеңес Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары А.Қ. Бахияновтың тікелей қатысуымен, Балық шаруашылығы комитеті өкілдері: М.Қ. Қалмуратов, И.С. Махметов, А.Б. Жубаев, Б.Б. Дүйсенбай, Г.Ж. Байлинаның онлайн қатысуымен, сонымен қатар «Qazaq balyk» Республикалық балық шаруашылығы және акваөсіру қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы А.Ж. Рысбаевтың қатысуымен өтуде.
Күн тәртібінде:
— Тақырып бойынша ҒЗЖ туралы есептерді қарау: «Қазақстанның әртүрлі аймақтарының табиғи-климаттық жағдайларында инновациялық, экономикалық тиімді технологиялар мен жаңа аквакультура нысандарын әзірлеу және енгізу» (ЖТН: BR23591065) бағдарлама жетекшісі: б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі С.Ж. Асылбекова;
— Тақырып бойынша ҒЗЖ туралы есептерді қарау: «Су биологиялық ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану үшін су айдындарының әлеуетін бағалау және қордың динамикасын модельдеу негізінде кешенді зерттеу» (ЖТН: BR23591095) бағдарлама жетекшісі: б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Қ.Б. Исбеков.
Ғылыми Кеңеспен мақұлдаған ҒЗЖ туралы есептерді «БШҒӨО» ЖШС бас директоры бекітеді және тапсырыс берушіге жолдайды.