5 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін «БШҒӨО» ЖШС қызметкерлері: экспедициялық жасақтың бастығы С. Қарлыбайұлы, экспедициялық жасақтың бастығы А. Минат, кіші ғылыми қызметкер С. А. Өтеген, аға зетханашы Н.М. Жазықбаев, зертханашы Сахарин. Н. К. Алакөл көлдер жүйесінің бюджеттік бағдарламалар шеңберінде мынадай ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
«Балық ресурстарын басқару, сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету» 021 бюджеттік бағдарламасы аясында 100 қосалқы бағдарламасы;
«Су биологиялық ресурстарын олардың әлеуетін бағалау және қорлар динамикасын модельдеу негізінде сақтау және орнықты пайдалануын үшін су айдындарын кешенді зерттеу» (ЖТН: BR23591095).
«Балқаш-Алакөл бассейнінің қуаң аймақтарындағы (аридті) жабайы жануарларының сақталуына және орнықты пайдалануына қауіп — қатерлерді бағалай отырып түгендеу».
Қазіргі уақытта экспедициялық жасақ келесі жұмыстарды жүргізуде:
— балықтың негізгі биологиялық көрсеткіштері — ихтиологиялық материалды жинау және талдау жүруде;
— суайдындары бойынша кәсіптік ихтиофауна құрамы талдануда;
— бекітілген балық кәсіпшілігі учаскелерінде табиғат пайдаланушылардың кәсіпшілік аулауына талдау жүргізілуде.
— Алакөл көлдер жүйесіндегі балықтардың күзгі өрістеулерін зерттеу және санын есептеу мақсатында жаңғырық зондтау.
Су қоймалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары Алакөл балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Ш. Куленованың қатысуымен жүргізілуде.
Алакөл көлдер жүйесінде зерттеу жұмыстары жалғасуда.