BR21882122 «Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің орнықты дамуы жасыл өсу контекстінде: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамды бағалау және сценарийлер» ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша жұмыстар жалғасуда.
Батыс Қазақстан филиалының қызметкерлері «БШҒӨО» ЖШС-нің бас директорының орынбасары, б.ғ.д., «Балық ресурстары» блогы кіші жобасының басшысы С. Ж. Асылбековамен және БҚО бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, Көшім өзені мен Битик су қоймасына күзгі экспедициялық іс – сапар ұйымдастырылды.
Жұмыс барысында келесі мониторингтік сынамалар: фито-және зоопланктон, зообентос, сондай-ақ су айдындарының антропогендік жүктемесі мен табиғи капиталын бағалау үшін гидрохимиялық және токсикологиялық зерттеулердің үлгілері алынды.