Каспий теңізінің жағалауындағы мониторингтік станцияларында күзгі кезеңнің зерттеулері жүргізілуде

Ағымдағы жылы «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС қызметкерлері «Батыс Қазақстан өңірінің (Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе) табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді зерттеулер» ғылыми-техникалық бағдарламасының BR21882122 «Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің орнықты дамуы жасыл өсу контекстінде: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамды бағалау және сценарийлер» (блок: балық ресурстары) тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулерді жалғастыруда.

Каспий теңізінің жағалауындағы мониторингтік станцияларында гидрохимиялық, гидробиологиялық және ихтиологиялық сынамаларды іріктеудің күзгі кезеңін зерттеуге «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС Атырау филиалының директоры Е.Л.Кадимов, аға ғылыми қызметкер Т.А.Өтеулиев және кіші ғылыми қызметкер С.Б.Сүлейменов қатысты.