Қазақстанда Розенберг асшаяны мен оңғақ балығын тұщы суда индустриялық өсіру бойынша зерттеу

«Балық шаруашылығы ғылми-өндірістік орталығы» ЖШС-гі  2024-2026 жж арналған «Қазақстанның әртүрлі аймақтарының табиғи-климаттық жағдайларында экономикалық тиімді жаңа аквакультура объектілері мен инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу» (ЖТН:BR23591065) ғылыми-техникалық бағдарлама шеңберінде аквакультураның жаңа нысандарымен зерттеулер жүргізуде. «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы-1973» ЖШС базалық балық өсіру шаруашылығында Розенберг тұщы су асшаяндары (Macrobrachium rosenbergii) мен оңғақ (Tinca tinca) балығын индустриалдық жағдайларға бейімдеу бойынша ҒЗЖ жүргізілуде.

Қазіргі уақытта артезиан ұңғымасынан суды пайдаланып ТСАЖ-де Розенберг тұщы су асшаяндарының шабақтарын өсіру барысында әртүрлі жем түрлерін (тірі және жасанды) қолдану арқылы эксперименттер жүргізілуде. Алғаш рет ҚР балық өсіру шаруашылығы жағдайларына (науалар мен тоғандарда) әр түрлі жастағы оңғақ дараларын доместикация жүргізілуде.

«БШҒӨО» ЖШС аквакультура зертханасының қызметкерлері ағқ Н.С. Бадрызлова, ғылыми қызметкерлер Р.Т. Бараков және А.Т. Халелов  «Қапшағай шашу-өсіру шаруашылығы-1973» ЖШС-де Розенберг тұщы су асшаяндары мен оңғақ балығына бағалауды жүргізуде.