«Восток-Аквакультура» ЖШС — мен коммерциализация 2023-2025 жж.
Коммерцияландыру жобасы:DP21681542 «Экспортқа бағытталған жоғары құнды өнім алу үшін артемия цисталарының (Artemia) терең өңдеу технологиясын енгізу»
Өтінім беруші: «Балық-шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
Грант алушы/Жеке серіктес:«Восток-Аквакультура» ЖШС
Жобаның мақсаты: Дайын өнімнің сапасы мен қосымша құнын арттыруға, Әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін артемия кисталарын терең өңдеу технологиясын енгізу.
Жобаның міндеті:
- Өңдеу үшін шикізатты (артемия цисталары) сатып алу;
- Кептірілген артемия цисталарын шығаратын жаңа өндіріс орнын салу;
- Артемияның құрғақ цисталарын өндіруге қажетті заманауи құрал-жабдықтарды сатып алу;
- Шикізат пен дайын өнімнің сапасын бағалау үшін заманауи өндірістік-зерттеу зертханасын құру;
- Артемияның цисталарын өңдеуге арналған өндірісті іске қосу;
- Шикізатты терең өңдеудің патенттелген технологиясын енгізу;
- Шикізатты терең өңдеудің патенттелген технологиясын пайдалана отырып, дайын өнім өндіру;
- Дайын өнімді жылжыту және өткізу;
- Зияткерлік меншік объектісіне құқықтарды иеленуге 3 (үш) лицензиялық шарт жасау: 1) «Артемия шаянының цисталарын сатып алу және өңдеу әдісі» Қазақстан Республикасының №6615 пайдалы модельге патент; 2) «Артемия жұмыртқаларын жинауға арналған құрылғы» Қазақстан Республикасының №3079 пайдалы модельге патенті; 3) «Артемияның цисталарын жинауға арналған құрылғы» Қазақстан Республикасының № 6921 пайдалы модельге патенті.
Жобаның орындалған жері:«Восток-Аквакультура» ЖШС (Павлодар облысы).
Жобаны іске асыру мерзімі: 2023-2025 жж.
Жобаны жүзеге асырудан кейінгі кезең: 2026-2028 жж.
Күтілетін нәтижелер:
- Өңдеу үшін шикізатты (артемия цисталарын) дайындалады;
- Құрғақ артемия цисталарын шығаратын жаңа өндіріс алаңы салынады;
- Құрғақ артемия цисталарын өңдеуге қажетті заманауи құрал-жабдықтары сатып алынады;
- Шикізат пен дайын өнімнің сапасын бағалау үшін заманауи өндірістік-зерттеу зертханасы құрылады;
- Артемия цисталарын өңдеуге арналған өндіріс іске қосылады;
- Шикізатты терең өңдеудің патенттелген технологиясы енгізіледі;
- Шикізатты терең өңдеудің патенттелген технологиясы бойынша дайын өнім өндіріледі;
- Дайын өнімді нарықта жылжыту және өткізу жүзеге асырылады;
- Зияткерлік меншік объектісіне құқықтарды иеленуге 3 (үш) лицензиялық шарт жасалады: 1) «Артемия цисталарын жинау және өңдеу әдісі» пайдалы модельге патент, Қазақстан Республикасының № 6615 патенті; 2) «Артемия жұмыртқаларын жинауға арналған құрылғы» пайдалы модельге патенті Қазақстан Республикасының №3079 патенті; 3) «Артемия цисталарын жинауға арналған құрылғы» пайдалы модельге патент Қазақстан Республикасының №6921 патенті.
2023 жылы алынған нәтижелер: Жеткізушілерді іздестіріп, іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрал-жабдықтар мен материалдарды сатып алуға келісім-шарттар жасалды.