15 шілдеден бастап қазіргі уақытта «БШ ҒӨО» ЖШС-нің мамандары (экспедиция отрядының басшысы Қарлыбайұлы С., кіші ғылыми қызметкерлер Өтеген С. А., Маратұлы Қ. және зертханашы Сахарин. Н. К.) Алакөл көлдер жүйесінде 021 ББ (БТ 100) «Балқаш-Алакөл бассейніндегі халықаралық, республикалық және ЕҚТА орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын сонымен қатар жергілікті маңызы бар су айдындарының балық қорының жағдайын бағалау және/немесе олардың телімдерінде балық өнімділігін анықтау, балық және басқа да су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде биологиялық негіздемелер әзірлеу. Бөлім: Алакөл көлдер жүйесі бойынша жаз мезгіліндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Жұмыстың мақсаты Алакөл көлдер жүйесінде негізгі кәсіптік балық түрлері популяцияларының қазіргі кездегі жағдайын бағалау, балық ресурстары мен өзге де су жануарларының рұқсат етілетін шектеулі ауланатын мөлшерін есептеу және кәсіпті тиімді жүргізу жөнінде ұсыныстар беру болып табылады.
Қазіргі таңда экспедициялық отряд төмендегідей кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде:
— гидрохимиялық сынамаларды алу және талдау;
— вегетациялық кезеңде (зоопланктон, фитопланктон және зообентос) гидробиологиялық сынамалар және жайылым кезінде балықтардың қорегі бойынша сынамаларды алу;
— балық шабақтарының ұдайы өсуін бақылау мақсатында шабақтық сүзгі аумен жұмыс жүргізілуде;
— кәсіптік ихтиофаунаның биологиялық талдауын жүргізу үшін кәсіптік балық аулайтын аудандар (биотоптар) бойынша ау құру.
— Алакөл көлдер жүйесі бойынша балықтардың санын есепке алу үшін эхолотты түсірілім жасалуда.
Су айдындарында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Алакөл балық инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Султанов Б.А. қатысты.
Алакөл көлдер жүйесінде зерттеу жұмыстары жалғасуда.