Іле өз. мен Қапшағай суқоймасы

15 шілдеден бастап қазіргі уақытта «БШ ҒӨО» ЖШС-нің мамандары (экспедиция отрядының басшысы Макамбетов С.Ж., ғылыми қызметкерлер Пангереев Б.С., Игілік Р., Жданко Л.А., Бектуров Д.С. және зертханашы Абишев Н.Б.) Іле өзені және Қапшағай суқоймасында 021 ББ (БТ 100) «Балқаш-Алакөл бассейніндегі халықаралық, республикалық және ЕҚТА орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын сонымен қатар жергілікті маңызы бар су айдындарының балық қорының жағдайын бағалау және/немесе олардың телімдерінде балық өнімділігін анықтау, балық және басқа да су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде биологиялық негіздемелер әзірлеу. Бөлім: Қапшағай суқоймасы және Іле өзені» бойынша жаз мезгіліндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Жұмыстың мақсаты Іле өзені мен Қапшағай суқоймасындағы негізгі кәсіптік балық түрлері популяцияларының қазіргі кездегі жағдайын бағалау, балық ресурстары мен өзге де су жануарларының рұқсат етілетін шектеулі ауланатын мөлшерін есептеу және кәсіпті тиімді жүргізу жөнінде ұсыныстар беру болып табылады.

Қазіргі таңда экспедициялық отряд төмендегідей кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде:

— гидрохимиялық сынамаларды алу және талдау;

— вегетациялық кезеңде (зоопланктон, фитопланктон және зообентос) гидробиологиялық сынамалар және жайылым кезінде балықтардың қорегі бойынша сынамаларды алу;

— Қапшағай суқоймасының жағалау  аймағында, таяз суларда шабақтық сүзгі аумен балық шабақтарының ұдайы өсуінің сынамасын алу;

— кәсіптік ихтиофаунаның биологиялық талдауын жүргізу үшін кәсіптік балық аулайтын аудандар (биотоптар) бойынша ау құру.

Қапшағай суқоймасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (БАОББШИ)  Қапшағай балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Карбеков Е.О. қатысуда.