Зерттеулер

16 шілдеден бастап қазіргі уақытта «БШ ҒӨО» ЖШС-нің мамандары (экспедиция отрядының жетекшісі м.а. Ж. Баққожамен, ихтиология зертханасының меңгеруішісі Е.Т. Сансызбаевпен, зертханашы А.Б. Искаковпен) Шу-Талас бассейнінде 267 бағдарлама (БТ 101) «Биологиялық әртүрлілікті талдау, бөтен текті түрлерді молекулярлық-генетикалық сәйкестендіру және балық шаруашылығы су қоймаларының гидробиоценоздарының сыртқы әсерлерге тұрақтылығын бағалау», және «Сирек және жойылып бара жатқан жануарлар бойынша электронды қор мәліметі мен Қазақстан жануарларының Қызыл кітабын жасау» ҒЗЖ бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуде.

Жұмыстың мақсаты — биологиялық әртүрліліктің динамикасын талдау және оны сақтаудың шараларын жасау.