Маңғыстау облысында кездесу өтті

Бүгін Маңғыстау облысының әкімдігінде «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС – нің  Бас директорының орынбасары б.ғ.д. Асылбекова С.Ж. мен Атырау филиалының директоры Кадимов Е.Л. Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Құлжанов Қ.Ж. пен және Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының басшысымен ортақ кездесу өтті.

Кездесу барысында Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығының 2030 жылға дейінгі бағдарламасын дамыту міндеттері, сондай-ақ мегажоба бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде жүргізілетін алдағы мониторингтік зерттеулер талқыланды.

019 бағдарлама бойынша, Маңғыстау облысының балық шаруашылығы саласындағы инновациялық жобалардың мәселелері қарастырылды.