BR10264205 «Қазақстанның басты балықкәсіпшілігі суқоймаларының балық ресурстары мен басқа да гид-робионттарының жағдайын кешенді бағалау, оларды тұрақты пайдалану бойынша ғылыми-негізделген ұсыныстарды жасау».
Бағдарламаны әзірлеуші осы бағытта 90 жылдық тәжірбиесі бар «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, сонымен қатар, үлкен тәжірбиесі мен сәйкес құзыреті бар басқа да мамандандырылған мекемелер. Осы бағдарламаны іске асыру су биологиялық ресурстарын қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды, судың өнімділігін арттыруды және биологиялық әртүрлілігін сақтауды көздейтін Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен ішкі құжаттары арасында көзделген міндеттерге қол жеткізуге бағытталған. Бағдарламаны іске асыру балық аулау көлемін 40 мың тоннадан 60-70 мың тоннаға дейін, азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға, өнімнің жаңа түрлері есебінен экспорттың әлеуетін арттыруға және тұрғындардың жан басына шаққандағы балық өнімдерін тұтынуды қазіргі 6 кг-нан БДСҰ ұсынатын норма 16 кг дейін ұлғайтуға ықпал ететін болады.
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақстанның басты балық кәсіпшілігі су айдындарының балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі ғылыми негізделген ұсынымдарын әзірлеу.
Бағдарламаның міндеті
1.- Табиғи ресурстарды тұрақты дамыту мен ұтымды пайдалану жолдарын анықтау үшін Балқаш-Алакөл және Ертіс бассейіні үлгісінде су биологиялық ресурстарын және экожүйе қызметінің құнын бағалау;
2.- Балықтар мен балықтардың қоректік қорының компоненттері – гидробионттарды интродукциялау және реинтродукциялау жолымен балық шаруашылық су айдындардың балық өнімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасау;
3.- Сирек кездесетін түрлердің жасанды өсімін молайту және бөгде балық түрлері мен басқа да гидробионттардың таралуын болдырмау бойынша ұсыныстарды жасау мақсатында сирек және жойылып кету қаупі бар балық түрлері популяцияларын және бөгде гидробионттарды зерттеу;
4.- Суқойма ихтиоценозының ерекшеліктері мен басқа да биотикалық және абиотикалық жағдайларын ескере отырып, ірі балық шаруашылық су айдындарында аулау құралдарының оңтайлылығын негіздеу және жетілдіру, әзірлеу;
5.- Қазақстанның басты балық кәсіпшілігі су айдындарында спорттық-әуесқойлық балық аулаудың рөлін және ихтиоценозға әсерін бағалау;
6.- Жайық-Каспий бассейініндегі бекіре балық түрлерінің экологиялық-генетикалық мониторингі;
7- Қазақстан суқоймаларында артемия цистасын сертификаттау бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін өнімділік, генетикалық, химиялық және микробиологиялық өлшемдерін бағалау;
8.- Регрессия кезінде Каспий теңізінің қазақстан бөлігіндегі каспий итбалығы популяцияларының саны, таралуы мен құрылымы және түрдің тіршілік ету орнын сақтаудың ұсыныстарын жасау.
Жоғарыда көрсетілген өзара байланысты міндеттерді шешу үшін:
Экожүйелік қызметтердің құрылымы әзірленді, биоресурстарды пайдаланудың оңтайлы жолдары айқындалып, ресурстардың құны тікелей, сондай-ақ, жанама құн ретінде ғана емес, тұтынушылық емес құн ретінде жіктелді, бұл экожүйелік қызметтер құрылымында балық аулаудың рөлін кешенді бағалау есебінен қайтарымын, қосымша кірістерін ұлғайтуға мүмкіндік береді (5 ұсыным және 1-әдістеме);
Қазақстанның су айдындарында гидробионттарды интродукциялау есебінен суқоймалардың балық өнімділігін арттырудың ұсыныстары беріледі, бұл балық қорларын көбейтуге және балық аулаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік жасайды (интродукция/реинтродукция, ихтиофауна мен балықтардың қоректік қорының реконструкциясы бойынша 6 ұсыныс);
Сирек, жойылып кету қаупі бар түрлерді жасанды ұдайы өсіру есебінен гидробионттардың биологиялық әртүрлілігін сақтау бойынша ұсыныстар жасау және бөгде түрлердің таралуын болдырмау суқоймалардың балық өнімділігі мен биоалуантүрлілігін сақтауға мүмкіндік береді (сирек, жойылып бара жатқан түрлердің РАҮ құру бойынша 6 ұсыныс);
Азшығынды және жаңа балық аулау құралдарын ендіру жолымен балық аулаудың тиімділігін көтеру үшін басты 12 балықшаруашылық суайдындарда балық аулаудың инновациялық модельдері ұсынылды (аулау құралдарының оңтайлы кешені бойынша 4 ұсыныс);
Спорттық-әуесқойлық балық аулауды басқару, есепке алу және әсер етуін бағалау бойынша әдістемелер мен қорғау құжаттары әзірленді, бұл балық аулаудың жаппай, бірақ әлсіз регламенттелген түрін ұтымды жүргізу проблемасын шешуге мүмкіндік береді (2 қорғау құжаттары мен спорттық-әуесқойлық балық аулау көлемін бағалаудың 1 әдістемесі, оңтайлы ұйымдастыру, тәсілдері мен құралдары бойынша 1 биологиялық негіздеме);
Генетикалық паспортталған дарақтардың негізінде өнімді ремонттық-аналық үйірлер қалыптасады, бұл балық өсіру кәсіпорындарының тиімділігін және табиғи өсімін молайтуды тиімді өсіруге, балықтандыруға, қадағалауға және табиғи және жасанды ұдайы өсіруге мүмкіндік береді, бекіре тұқымдастарының биологиялық әртүрлілігін сақтауға және олардың санын арттыруға, тауарлық бекіре шаруашылығын ұлғайтуға, экспорттық әлеуетін арттыруға және бекіре тұқымдастардың табиғи қорларын аулауды төмендетуге ықпал етеді (бекірелердің генофондын сақтаудың кешенді ұсыныстары мен тиімді уылдырық шашатын жерлерін анықтауға бекірелердің тұқым берушілерінің радио таңбалары, паспорттау бойынша 3 ұсыныс);
Тұзды суайдындар зерттелді, сертификация бойынша ұсыныстар үшін артемия цисталарының әртүрлі сипаттамалары, күрделі қайта өңдеу бағаланды, бұл құнын ұлғайту және жоғары құнды өнімдерді импорттаушы елдерді кеңейту есебінен экспорттық әлеуетті айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді (артемия цисталарының сапасын бағалау бойынша 6 ұсыныс).Сирек кездесетін және эндемиктік түр каспий итбалығы популяциясын және тіршілік ету орнын сақтау үшін Каспийдің қазақстан бөлігіндегі каспий итбалығы популяциясының жағдайын зерттелді (итбалықтың тіршілік ету орнын сақтау және т.б. үшін әрекеттердің ұзақ мерзімдік Жоспары бойынша ұсыныс).
2021 жылы алынған нәтижелер:
Гидробионттардың саны мен биомассасы туралы мәліметтер алынды, әлемдік тәжірибе және экожүйелік қызметтерді қолданудың ең үздік тәжірибелері зерттелді. 10 суқоймаға гидробионттарды ендіру үшін әлеуетті қуысы анықталды. Халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасының талаптары мен міндеттемелеріне бағалау мен талдау жүргізу басталды. Жаңа және жетілдірілген балық аулау құралдары әзірленеді және/немесе сынақтан өтілді (пайдалы модельге 3 патент). Әуесқой (спорттық) балық аулаудың әсері 11 су қоймасында зерттелді.Жайық өзенінің гидрология-гидрохимиялық, гидробиологиялық көрсеткіштерін бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарының қоныс аудару кезінде және уылдырық шашатын кезеңіде зерттеулер, Жайық-Каспий бассейнінің бекіре балықтарының (шокыр, орыс бекіресі, қортпа) табиғи популяциясынан жасанды жолмен алынған балықтардың генетикалық полиморфизмін ДНҚ-маркерлер (STR мтДНҚ) бағалау. 10 суқоймадағы артемиялардың өнімділігі мен маусымдық сипаттамасын анықтау жұмыстары жүргізілді. Артемия шаяндарының және олардың цисталарының өнімділігінің маусымдық сипаттамасы жасалынды. Артемия шаяндарының және олардың цисталарының микросателитті және митохондриялды ДНҚ маркерлары бойынша артемияларды түрлік идентификациялау жұмыстары жүргізілді. ddRAD секвенирлеу үшін сынама дайындау жұмыстары жүргізілді. ddRAD ядролық маркерлеу және секвенирлеу үшін қор дайындау (аймақтық және популяциялық дифференциация) жұмыстары жүргізілді.10 өнімді су айдындар бойынша цисталардың биохимиялық, микробиологиялық, токсикологиялық құрамы анықталды. Итбалық жатақтарына іздестіру жүргізіліп, жатақтарының қалыптасу жағдайлары талданды.
26 ғылыми мақала жарияланады (1 мақаласы ҚР БжҒМ БжҒСБК ұсынатын басылымда), 7 семинар / далалық күн, бұқаралық ақпарат құралдарында 7 жарияланым, 2 патент алынып, 1 патенттік өтінім берілді.
2022 жылы алынған нәтижелер:
Су қоймаларындағы су биологиялық ресурстарының құны бағаланды, 1 әдістеме әзірленді. Балықтар мен қоректік организмдерін енгізу бойынша ұсыныстар жасалды. Сирек, акклиматталған және бөтен түрлердің таралуын бағалау және талдау жүзеге асырылды. Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізілді, балық аулаудың жаңа құралдарын енгізу актілеріне қол қойылды. Спорттық-әуесқойлық балық аулау көлемін бағалаудың 1 әдістемесі дайындалды. Жайық өзенінің уылдырық шашатын көші-қон және бекіре балықтарының жас шабақтар кезеңіндегі гидрологиялық-гидрохимиялық, гидробиологиялық жай-күйін талдау жалғастырылды. Бекіре балықтарының генетикалық полиморфизмін бағалау жалғастырылды, бекіре балық өсіру зауыттарында бекіре балықтарының генетикалық паспортталуы басталды. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының бекіре балық өсіру зауыттары мен шаруашылықтарындағы ремонтты-аналық үйірдегі балықтардың балық өсіру-биологиялық параметрлерін бағалау жұмыстары басталды. Жайық өзенінің бекіре тұқымдас балықтарының тиімді уылдырық шашатын жерлерін анықтау үшін бекіре (шоқыр) өндірушілерін таңбалау (радиоометрлер) бойынша дайындық жұмыстары басталды. 10 су айдынындағы артемия шаяндарының маусымдық сипаттамалары мен өнімділігі анықталды. Артемия шаяндары мен оның цисталарының өнімділігінің маусымдық сипаттамалары алынды. Әр түрлі су қоймаларынан артемия шаяндары мен олардың цисталарының микросателлиттік өзгергіштігіне талдау жасалды. ДНҚ бойынша жұмыстар жалғасуда және drad маркерлерінің реттілігі басталды (аймақтық және популяциялық дифференциация). Саны мен құрылымын бағалау, итбалықтардың таралуын талдау және ең маңызды мекендеу орындарын анықтау жүзеге асырылды (1 шоғырлану орындардың атласы).
39 ғылыми мақала жарияланды (оның ішінде Scopus/Web of Science-те 3 мақала және ҚР ОАМ БССҚЕК-да 7 мақала), 8 нұсқаулық, 1 атлас, 2 әдістеме, 2 ұсыныс, 2 әдістемелік құрал дайындалды, 7 семинар/Дала күні, БАҚ-та 26 жарияланым, 3 патент, 8 енгізу актісі өткізілді.
2023 жылы алынған нәтижелер:
Су биологиялық ресурстарының құндылығын бағалау және зерттелетін су объектілеріндегі экожүйелік қызметтерге экономикалық бағалау жүргізілді, бағалау әдістемесі және Қазақстанның қоршаған ортаны басқару тәжірибесінде экожүйелік қызметтердің құндылығын пайдалану бойынша ұсыныстар әзірленді. Алдағы уақытта интродукция/реинтродукциялауға арналған келешегі бар су организмдеріне іріктеу жүргізілді. Интродукция көлемі, шығару орындары және қоректік организмдер мен балықтарды санитарлық бақылау бойынша ұсыныстар берілген. Арал қаязы мен сібір бекірелерінің өміршең шабақтарын өсіре отырып, жасанды өсімін молайтудың биотехникасы әзірленді. Сырдария, Іле және Қаратал өзендеріндегі пілмай балығының уылдырық шашатын жерлерін түгендеу бойынша ауқымды зерттеулер жүргізіліп, келешекте пілмай балығы табиғи тжағдайда өсімін молайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ықтимал уылдырық шашатын орындар анықталды. Су организмдерінің бөтен түрлерімен күресу жолдары, бөтен түрлердің енуіне қарсы тұру және олардың су объектілерінің биоалуантүрлілігі мен балық өнімділігі жағдайына әсерін жою шаралары әзірленді. Жаңа және жетілдірілген өнеркәсіптік балық аулау құралдары (кефальға арналған қақпан, жетілдірілген құрма жылым, екі қалталы лақтырма жылымдар) әзірленді, сынақтан өтті және патенттелді, сонымен қатар балық шоғырлануының су айдындары бойынша таралуы зерттелді. Спорттық – әуесқойлық балық аулаудың су объектілерінің биологиялық ресурстарының жай-күйіне әсерін бағалау жұмыстары жүргізіліп, НҚА –ге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін спорттық – әуесқойлық балық аулау әдістері мен құралдарын оңтайлы ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірленді. Табиғи ортадан іріктеліп алынған бекіре тұқымдас балықтардың генетикалық полиморфизміне баға беріліп, толықтырушы аналық үйірлерін қалыптастыру үшін, акустикалық құрал-жабдықтар уылдырық шашатын ықтимал орындарды іздестіру үшін сынақтан өткізілді. Қазақстанның 22 тұзды су айдындарына зерттеу жүргізілді, әртүрлі артемия популяцияларының биоөнімділігіне баға берілді, сертификаттау үшін артемия цисталарының сапасын бағалау бойынша ұсыныстар әзірленді. Каспий теңізінің регрессия кезеңіндегі Каспий итбалығы популяциясының таралуы, құрылымы мен қалыптасуының ерекшеліктері анықталды, итбалықтар спутниктік белгілермен және электронды чиптермен таңбаланды, жатын аумақтардағы (залежках) итбалықтардың саны бағаланып, ұсыныстар берілді. Каспий итбалығын сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.
Осы бағдарлама шеңберінде 147 ғылыми мақала (оның ішінде Scopus базасында индекстелген журналдарда 11 мақала (оның ішінде Q1 квартилімен 2 мақала және Q2 квартилімен 3 мақала), ҚР ҒЖБМҒБССҚКұсынған журналдарда 16 мақала (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті) дайындалды. ), 2 монография шықты, итбалықтардың 1 атласы, Каспий итбалығын сақтау бойынша 1 ғылыми-танымал фильм дайындалды, 7 биологиялық негіздеме дайындалды, оның ішінде ҚР заңнамасына және балық шаруашылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 35 әдістемелік ұсыным, 2 әдістемелік құрал шығарылды, бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) 62 жарияланым жарияланды, табиғат пайдаланушылар үшін 18 семинар мен дала күндері, оның ішінде жыл сайынғы сақтау жөніндегі халықаралық вебинарлар өткізілді Каспий итбалығы, пайдалы модельге 9 патент ресімделді, 3 әдістеме әзірленді, нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту үшін 2 ұсыныс дайындалды, бөлу схемалары әзірленді су айдындарының акваториясы бойынша балық және кәсіпшілік күш-жігердің шоғырлануы. енгізудің 9 актісіне қол қойылды.