BOSIET курсы бойынша

Ағымдағы жылы «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС қызметкерлері «Батыс Қазақстан өңірінің (Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе) табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі кешенді зерттеулер» ғылыми-техникалық бағдарламасының «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» ретінде табиғи – ресурстық әлеуетті бағалау «жасыл өсу» контексінде» БНҚ 2023-2025 жж. тақырып бойынша ғылыми зерттеулерді жалғастыруда.

2024 жылдың шілде-тамыз айларына арналған күнтізбелік жоспарға сәйкес, Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінде қоршаған орта факторларының (гидрология, гидрохимия, токсикология, балықтардың қоректік базасы) мониторингі жоспарланған, осыған байланысты бас бөлімшенің (топ жетекшісі, PhD Абилов Б.И.)  және Атырау филиалының  қызметкерлері теңізге шығу үшін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутино ауылында, теңізде төтенше жағдай кезінде әрекет ету және қауіпсіздік техникасы бойынша (BOSIET) курстан өтеді. BOSIET курсы 3 күнге созылады және келесі сегменттерді қамтиды: қауіпсіздікпен танысу, құтқару қызметтері келгенге дейін құтқару құралдарын пайдалану, әр түрлі жарақат алған жағдайда және басқа да жағдайларда алғашқы көмек көрсету. Емтихандар мен сертификаттарды тапсырғаннан кейін ғана ғалымдар теңізге ау орнату үшін және сынамаларды алу үшін шыға алады.