Құттықтаймыз!

        Құрметті әріптестер және балық шаруашылығы саласының қызметкерлері!

Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы Сіздерді  кәсіби мереке – балық шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтайды!

             Бұл күні ардагерлерді, балық шаруашылығы қызметкерлерін, балық шаруашылығы ғылымының ғалымдарын, ихтиолог — балық өсірушілерді, балық инспекциясының қызметкерлерін, кәсіби балықшыларды, спортшы балықшыларды және әуесқойларды құттықтаймыз.

            Қазіргі таңда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде.

           Баршаңызға адал еңбегі, жоғары шеберлігі және өз ісіне адалдығы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз!