Ағымдағы жылы «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС қызметкерлері «Батыс Қазақстан өңірінің (Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе) табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді зерттеулер BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулерді жалғастыруда.
Жайық, Қиғаш өзендерінде және Каспий теңізінде зертханалық талдаулар үшін ғылыми-зерттеу аулау, гидрохимиялық, гидробиологиялық, ихтиологиялық және токсикологиялық сынамалар жинау жүзеге асырылады, сондай-ақ зерттеу ауданының гидрометеорологиялық жағдайлары белгіленеді.
Зерттеулерге «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС Атырау филиалының директоры Кадимов Е.Л., аға ғылыми қызметкер Өтеулиев Т.А., ғылыми қызметкер Кадимов Б.Л. және кіші ғылыми қызметкер Сүлейменов С.Б. қатысады. Сондай-ақ ихтиологиялық зерттеулер шеңберінде көрсетілген су айдындарында ғылыми-зерттеу аулау жүзеге асырылады.