2024 жылдың 5-8 шілде аралығында Бас директордың орынбасары б.ғ. д. Асылбекова С.Ж. және Арал филиалының директоры, PhD Баракбаев Т.Т. 2024-2026 жылдарға арналған БНҚ жобаларын іске асыру үшін Түркістан облысының «ХАМИТ» ӘКК және «FIRST FISH COMPANY» ЖШС шабақ және тауарлы балық өсіру кәсіпорындарына жұмыс сапарымен барып қайтты.
Анықтама
2006 жылы «Хамит» ӘКК балық және балық өнімдерін өндіру, өңдеу және өткізуді ұйымдастыру мақсатында құрылған өндіріс орны. «Хамит» ӘКК Түркістан облысында, Шардара қаласында орналасқан. 2009 жылы балық өнімдерін қайта өңдеу, сақтау және мұздату бойынша жаңа зауыт салынып, пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта зауыт отандық өндірістің де, шетелдік серіктестердің де жаңа жабдықтарымен үнемі жаңартылып отырады. ӘКК-де тұздалған-кептірілген өнімдерді, ысталған және мұздатылған балықтарды өндіру бойынша жұмыс істеп тұрған цехтар бар. «Хамит» кәсіпорнының өндірістік қуаты — жылына 2,64 мың тоннаға дейін дайын балық өнімін (немесе айына 220 тонна) өндіріп шығарады.
50 тоннаға дейін тұқы балық түрлерін өсіруге арналған тоғандар мен шарбақтық шаруашылығы бар.
«FIRST FISH COMPANY» ЖШС 2011 жылы салынған, тоғандарда және жабық сумен жабдықтау қондырғыларында (УЗВ), бақтақ шабақтарын және тауарлық бақтақ балығын, сібір бекіресі мен сүйрікті өсірумен, сонымен қатар сатумен айналысады. Түркістан облысы, Арыс а/о, Түлкібас ауданында орналасқан, қуаттылығы жылына 800 тонна балық, объектінің ауданы 5,5 га құрайды.