Бүгін, 2024 жылғы 25 маусымда Астана қаласында Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (ПРООН) және Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК) төрағалығымен «2025-2035 жылдарға арналған ҚР биоалуантүрлілігін сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі Концепциянының» мақсаттары мен міндеттерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтуде.
«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ның Бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Қ.Б. Исбеков дөңгелек үстел жұмысына балық шаруашылығы саласындағы сарапшы ретінде қатысты.
Концепцияны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді және ұлттың әл-ауқатының негіздерінің бірі ретінде елдің биологиялық ресурстарын сақтау, қалпына келтіру және басқару саласындағы Қазақстан Үкіметі үшін негізгі басқарушы құжат болады деп күтілуде.