Бүгін, 2024 жылғы 12 маусымда сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет «Балық шаруашылығы мен акваөсіруді дамыту туралы» тақырыбында тақырыптық отырыс өткізді.
Отырыста «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Бас директоры, б.ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Исбеков К. Б. «саланы ғылыми қамтамасыз етудің жай-күйі мен мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.
Отырыс бағдарламасында келесі мәселелер талқыланды:
ҚР-дағы балық саласының ағымдағы жай-күйі, проблемалары мен даму перспективалары.
Балық ресурстарын қорғау мен молықтырудың жай-күйі мен проблемалық мәселелері.
Акваөсірудің дамуын тежейтін балық шаруашылығы кәсіпорындарының жай-күйі, жұмыс істеуінің негізгі проблемалары мен факторлары.
Кадрлық қамтамасыз ету саласының жағдайы мен проблемалары.
Балық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын инспекторларды әлеуметтік қолдау мәселелері.
Балық өңдеу саласының, жабдықтар мен жоғары сапалы жемшөп өндірісінің өсуі мен даму проблемалары.
Саланы дамыту бойынша өзге де проблемалық мәселелер, жоспарлар мен ұсыныстар әзірлеу.