18 мамырдан бастап қазіргі уақытта «БШ ҒӨО» ЖШС-нің мамандарымен (экспедициялық отрядтың жетекшісі — Макамбетов С.Ж., ихтиология зертханасының меңгерушісі м.а. – Сансызбаев Е.Т., кіші ғылыми қызметкер м.а. — Игілік Р., ғылыми қызметкер — Мұқатай А., аға лаборант – Маратұлы Қ. және лаборант — Абишев Н.Б.) 021 ББ «Балқаш-Алакөл бассейніндегі халықаралық, республикалық және ЕҚТА орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын сонымен қатар жергілікті маңызы бар су айдындарының балық қорының жағдайын бағалау және/немесе олардың телімдерінде балық өнімділігін анықтау, балық және басқа да су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде биологиялық негіздемелер әзірлеу. Бөлім: Қапшағай суқоймасы және Іле өзені» бойынша Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында көктем мерзіміндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың мақсаты — іссапар кезеңінде мониторингтік нүктелер бойынша ихтиологиялық, гидробиологиялық және гидрохимиялық материалдар жинау.
Жұмыстың мақсаты Қапшағай суқоймасында, құярлық аймақта, Іле өзенінде (жоғары ағысы) балық ресурстары мен өзге де су жануарларының рұқсат етілетін шектеулі ауланатын мөлшерін есептеу және кәсіпті тиімді жүргізу жөнінде ұсыныстар беру үшін басты кәсіптік балық түрлерінің популяцияларының қазіргі кездегі жағдайын бағалау болып табылады.
Қазіргі таңда экспедициялық отряд келесідей жұмыстар атқаруда:
— гидрохимиялық сынамаларды алу және талдау;
— вегетациялық кезеңде (зоопланктон, фитопланктон және зообентос) гидробиологиялық сынамалар және жайылым кезінде балықтардың қорегі бойынша сынамаларды алу;
— кәсіптік ихтиофаунаның биологиялық талдауын жүргізу үшін кәсіптік балық аулайтын аудандар (биотоптар) бойынша ау құру.
Қапшағай суқоймасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы (БАОББШИ) Қапшағай балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Шкуркин Н.В. қатысуда.