«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС №9111 «Табиғи жағдайда балықты өңдеуге арналған құрылғы» пайдалы моделіне патент алды. Авторлары: Асылбекова С. Ж., Исбеков К. Б., Куликов Е. В., Ким А. И., Туменов А. Н., Булеков Н.У.
Патент 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бағдарламасын орындау мақсатында «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС мен «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» (Al-Farabi _Kazakh National University) арасындағы BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер», «Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық жүйелерін дамытудың негізгі факторы ретінде табиғи-ресурстық әлеуетті бағалау» кіші бағдарламасы (блок: балық ресурстары) тақырыбы бойынша келісімшартқа сәйкес күнтізбелік жоспар шеңберінде алынды.
Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырады (грант №BR21882122).