06 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «БШҒӨО» ЖШС қызметкерлерімен (экспедициялық жасақтың бастығы Минат А., ғылыми қызметкер Карлыбайұлы С., кіші ғылыми қызметкер Өтеген С.А., аға зертханашы Маратұлы Қ., зертханашы Сахарин. Н. К.) Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар резервтік су айдындарында 021 бюджеттік бағдарлама бойынша «Балқаш-Алакөл бассейніндегі халықаралық, республикалық және ЕҚТА орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын сонымен қатар жергілікті маңызы бар су айдындарының балық қорының жағдайын бағалау және/немесе олардың телімдерінде балық өнімділігін анықтау, балық және басқа да су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде биологиялық негіздемелер әзірлеу» бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыстың мақсаты – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар су айдындарының акваториясы бойынша балық және басқа да су биологиялық ресурстарының таралуы мен кәсіптік қорының жағдайын бағалау бойынша зерттеулер жүргізу.
Зерттеу келесідей кешенді зерттеу жұмыстарынан тұрады:
— гидрохимиялық сынамалар алынып, далалық және зертханалық жұмыстар жүргізу;
— гидробиологиялық сынамаларды іріктеу және өңдеу (зоопланктон және зообентос);
— Жамбыл облысындағы жергілікті маңызы бар суайдындарынан шабақтық сүзгі аумен балық шабақтарының ұдайы өсуінің сынамасы алынуда;
— балықтардың кәсіптік қорларын бағалау үшін ихтиологиялық құрма ау құру.