Бүгін, 28.03.2024ж., «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас кеңсесінде 021 бағдарламасы, 100 «Жануарлар ресурстарын сақтауды, өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету кіші бағдарламасы, «Халықаралық, республикалық және ЕҚТА орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын сонымен қатар жергілікті маңызы бар су айдындарының балық қорының жағдайын бағалау және/немесе олардың телімдерінде балық өнімділігін анықтау, балық пен басқа да су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде биологиялық негіздемелер әзірлеу» лоты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жұмыс бағдарламаларын қарауға арналған Ғылыми кеңестің отырысы өтуде.
Жиналыс бас директордың орынбасары, б.ғ.д, профессор С.Ж.Асылбекованың төрағалығымен оффлайн және онлайн форматта өтуде.
Ғылыми кеңестің жұмысына қатысушылар:
— Ғылыми-зерттеу жұмыстарына тапсырыс берушінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің өкілдері, ҚР АШМ Балық ресурстарының өсімін молайту және ғылыми қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жұбаев А.Б. және балық ресурстарын қорғау және балық шаруашылығын реттеу бөлімінің бас сарапшысы Қалмұратов М.Қ.;
-«Qazaq balyk» Республикалық балық шаруашылығы және акваөсіру қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы Рысбаев А.Ж.;
— «БШҒӨО» ЖШС барлық бөлімшелерінің ғылыми қызметкерлері;
Ғылыми кеңес жұмысының қорытындысы бойынша қарастырылған ғылыми-зерттеу жұмысының бағдарламалары «БШҒӨО» ЖШС бас директорына бекітуге ұсынылады