Балық шаруашылығы комитеті «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» қысқы мерзімдегі зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр

2024 жылдың 28 ақпаны мен 23 наурыз аралығында, Балық шаруашылығы комитеті «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметкерлері: экспедициялық отряд жетекшісі Минат А., ихтиология зертханасының меңгерушісі м.а. Сансызбаев Е.Т., кіші ғылыми қызметкер Өтеген С.А., кіші ғылыми қызметкер м.а. Игілік Р., және зертханашы Сахарин. Н.К. қатарлы қызметкерлерден құралған экспедициялық отряд — 021 “Балқаш-Алакөл бассейніндегі халықаралық, республикалық және ЕҚТА орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын сонымен қатар жергілікті маңызы бар су айдындарының балық қорының жағдайын бағалау және/немесе олардың телімдерінде балық өнімділігін анықтау, балық және басқа да су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде биологиялық негіздемелер әзірлеу. Бөлім: Алакөл көлдер жүйесі” бюджеттік бағдарламасы бойынша Алакөл көлдер жүйесінде қысқы мерзімдегі зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу жұмыстары Алакөл балық инспекциясы бөлімінің басшысы К. Б. Жұманқұлов қатысумен өткізілуде.

Мониторингтік нүктелер бойынша жұмыстар нәтижесінде ихтиологиялық, гидробиологиялық, гидрохимиялық, гидрологиялық материалдар мен сынамалар жиналды, балық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп аэротүсірілім жұмыстары жүргізілді, эхолот арқылы балықтың қыстайтын жерлерін бақылау жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта далалық және зертханалық жұмыстар жалғасуда.