16 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін «БШҒӨО» ЖШС-ң қызметкерлерімен (экспедиция отрядының басшысы Баққожа Ж.М., жетекші ғылыми қызметкер Исмуханов Х.К., ғылыми қызметкер Аблайханов Е.Т., ғылыми қызметкердің м.а. Бектуров Д.С., лаборант Сахарин Н.К.) Алматы облысындағы жергілікті маңызы бар суайдындарын паспорттау бойынша келесідей ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде (Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен жасалған шарт шеңберінде):
Анықтама. Су айдындарын паспорттау — балық шаруашылығы су айдындарының немесе учаскелерінің шекарасын, олардың аудандарын, жай-күйін, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының түрлік құрамын анықтау үшін осы су айдындары бекітілгенге дейін жүргізілетін кешенді зерттеулер жүргізу, ұсынымдар беру.
Жұмыстар аймақтың су айдындарын ұтымды пайдалану, балық шаруашылығын жүргізу және аквакультураны тиімді дамыту үшін жүргізіледі.
Су айдындары балық шаруашылығын жүргізуге болады деп танылған жағдайда, олар облыс әкімдігінің қаулысымен балық шаруашылығы су айдындарының тізіміне енгізілетін болады.