«Ішкі балық шаруашылығын басқару және су биоалуантүрлілігін сақтау» тақырыбы бойынша соңғы семинар аяқталды.

Семинар барысында балық өсіру, балық шаруашылығы және суды қорғау факультетінің ғылыми зертханалары мен ьалықтардың өсімін молайтуға аранғалған тәжірибелік базаларына бірнеше экскурсиялар өткізілді. Экскурсиялар барысында қатысушылар балық өсірудің негізгі технологиялық аспектілерімен, сондай-ақ гидробионттардың өсімін жасанды молайту бойынша жүргізіліп жатқан ғылыми жобалармен және CENAKVA университетінің балық шаруашылығы факультетінің репродуктивті жүйелері мен тәжірибелік зертханалары жайлы қысқаша ақпаратпен танысты:

  1. Аквапоника жүйесі. Аквапоника жүйесі әртүрлі технологиялық ішкі жүйелерді қамтиды: 1) аэропоника; 2) қоректік пленка технологиясы; 3) тамшылату жүйесі; 4) дақылдарды өсірудің тереңсулы технологиясы. Аквапоникадағы негізгі өсіру объектілері тиляпия және еуропалық сом. Жасыл өсімдіктерден жылына 750 кг өнім алынады. Өсіру үшін жасыл (салат жапырағы және кинза), қияр, қызанақ және бұрыш қолданылады. Тауарлық балықтардың салмағы 300-400 грамға жеткенде жергілікті мейрамханалар мен дәмханаларға сатылады.
  2. Балық генетикасы орталығы. Орталықта құнды балық түрлерін өсіруге арналған тәжірибелік тоғандар мен бассейндер бар. Орталықта бекіре тұқымдас балықтардың 10 түрі өсіріледі, оның ішінде пілмай (Acipenser nudiventris) сияқты сирек және жойылып бара жатқан балық түрлері де бар. Орталық еуропалық сом мен сазан балықтарын да өсіреді. Зертхананың қазіргі бағыты – қысқа мерзімде ұрпақ алу үшін құнды кәсіптік балық түрлерінің тін жасушаларын қысқа циклді балық түрлеріне трансплантациялау.
  3. Криоконсервация және биохимия зертханасы. Зертхананың бірінші бағыты –  сұранысқа ие балық түрлерінің сперматозоидтарын криоконсервациялау, сирек балық түрлерінің репродуктивті жасушаларын сақтау және құнды балық тұқымдарын (линияларын) сақтау және ірі балық шаруашылықтарында криобанктер орнату арқылы аквакультураны дамыту. Екінші бағыт – су экожүйелерінің ластануын бағалау және балықтардың жаппай қырылуы жағдайында токсикологиялық зерттеулер жүргізу.
  4. Қарқынды аквакультура зертханасы. Зертхана аралас технологияны (ТЖҚ – тұйық жүйелі қондырғы + тоғандар) қолдану арқылы балық өсірумен айналысады. Тоғандардың жалпы саны 50, әрқайсысы 0,25 га. Негізгі өсіру объектілері көксерке, тұқы және кои сазандары, сонымен қатар шаяндарды өсірудің тәжірибелік базасы бар. Балықты сату тауарлық салмағы 20-30 граммға жеткенде жүзеге асырылады. Орташа алғанда жылына 800 000 дана көксерке балығы сатылады.

Семинар соңында барлық қатысушыларға жеке сертификаттар табыс етілді.