Кеше, 25.09.2023г., Санкт-Петербург (РФ) қаласында Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссияның кезекті 7-ші отырысы өтті.
Отырыс Ресей Федерацияның төрағалығымен өтті. Отырыста Әзірбайжан Республасының, Иран Ислам Республикасының, Ресей Федерациясының, Түркменстан мен Қазақстан Республикасының өкілдері қатысқан(одан әрі — Тараптар).
Қазақстан Республикасы тарапынан:
1. Жүнісов Н.Т., ҚР Экология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы, делегацияның бастығы.
2. Қаңтарбаева А.М., ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық-құқықтық департаментінің халықаралық-құқықтық мәселелер басқармасының басшысы.
3. Исбеков Қ.Б., биология ғылымдарының докторы, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директоры қатысты.
Отырыс бойында келесі мәселелер қаралды:
1. Комиссияның 6-отырысы хаттамасының тармақтарын орындау бойынша есептерді ұсыну.
2. Балық аулау квотасын (көлемін) пайдалану туралы, cу биологиялық ресурстарын молықтыру және қорғау туралы Тараптардың 2022 жылғы есептерін ұсыну.
3. Теңіздегі ғылыми зерттеулер негізінде су биологиялық ресурстарының жай-күйін талқылау.
4. Комиссия құрған ғылым және аквамәдениет жөніндегі жұмыс тобы отырысының хаттамасын талқылау.
5. Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балық түрлерін коммерциялық аулауға тыйым салуды ұзарту туралы мәселені қарау.
6. 2024 жылға арналған бірлескен су биологиялық ресурстарын аулау квоталарын (көлемдерін) бекіту.
7. Каспий теңізіндегі бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы мәселені талқылау.
8. Жасанды өсімін молайтудан бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын бірлесіп шығару туралы мәселені талқылау.
9. Комиссияның логотипі мен акронимін талқылау
Отырыс 2023 жылғы 25 қыркүйектен 27 қыркүйекке дейін жалғасады. Отырыстың аяғында қабылданған шешімдердің хаттамасы дайындалады.