ҒЗЖ туралы 2023 жылдық (қорытынды) есептерді қарау және бекіту бойынша «БШҒӨО» ЖШС Ғылыми Кеңесінің отырысы өтуде

Бүгін, Бас директордың төрағалығымен, б.ғ. д., қауым. проф. (доцент), ҚР АШҒА академигі К.Б. Исбеков екі кешенді ғылыми-техникалық бағдарлама (бұдан әрі-ҒТБ) шеңберінде 2023 жылғы ҒЗЖ туралы жылдық (қорытынды) есептерді қарау және бекіту бойынша «БШҒӨО» ЖШС ғылыми кеңес отырысының бірінші күнін өткізуде. ҒТБ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің (ҚР ЭТРМ) мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалды.

 

Отырысқа қатысқандар:

— «БШҒӨО» ЖШС Ғылыми кеңесінің мүшелері;

— Бағдарламаларды бірлесіп орындаушылар;

— «БШҒӨО» ЖШС барлық бөлімшелерінің ғылыми қызметкерлері (онлайн және офлайн);

 

2021-2023 жж. ҒТБ шеңберінде: «Инновациялық технологиялар мен жаңа балық өсіру нысандарын әзірлеу және енгізу арқылы Қазақстанда аквакультураны кешенді дамытуды ғылыми-технологиялық қолдау» (ҒТБ басшысы, б.ғ. д., профессор, ҚР АШҒА академигі С. Ж. Асылбекова) келесі қорытынды нәтижелер алынды:

— Қазақстанның түрлі өңірлерінде көл-тауарлық балық шаруашылығын жүргізудің тиімді биотехникалық тәсілдері әзірленіп, енгізілді;

— Биоалуантүрлілікті сақтау және аквакультураны дамыту мақсатында Қазақстанның сирек кездесетін эндемикалық балық түрлерінің ремонттық аналық үйірін қалыптастырудың тиімді технологиялары әзірленіп, енгізілді;

 — Қазақстанның балық өсіру кәсіпорындары жағдайында перспективалы балық шаруашылығы объектілері мен омыртқасыз гидробионттарды өсірудің индустриялық технологиялары әзірленіп, енгізілді;

— ҚР аквакультурасының әлеуетті объектілері — бағалы, эндемикалық балық түрлерінің және омыртқасызд гидробионттарының ремонттық аналық үйіріне генетикалық паспорттау жүргізілді;

— ҚР бекіре балық өсіру шаруашылықтары жағдайында олардың генетикалық әртүрлілігін ескере отырып, бекіре балықтарының ремонттық аналық үйірін тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар қалыптастырылды және берілді;

— Отандық бәсекеге қабілетті жасанды жем өндіру технологиялары әзірленіп, енгізілді және ҚР балық өсіру кәсіпорындарында бағалы және эндемикалық балық түрлері үшін перспективалы тірі жем өсіру технологиялары жетілдірілді.

-Балық шаруашылығында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу бойынша ұсынымдар және балық шаруашылығын дамыту үшін заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.

 

Ғылыми кеңес жалғасуда, ертең екінші ҒТБ шеңберінде ҒЗЖ туралы есептер қаралатын болады.